БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАМАҚТАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ.

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАМАҚТАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАМАҚТАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ.
Балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурстық рәсімдер электрондық форматқа ауыстырылды және Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталында жүргізілетін болады.
Жаңа ережелер балаларға сапалы және жедел қызмет көрсету мәселелерін (мектеп асханаларындағы кезек, тағамдардың температуралық режимі және т.б.). шешуге мүмкіндік береді.
Мектеп асханаларында балалардың тамақтануына ата-аналардың бақылауын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу енгізіледі.
Мектеп асханаларының ас блоктарында тамақ дайындау процесін көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау камералары орнатылады.
Ата-аналарды, балаларды ақпараттандыру үшін білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында, «Күнделік» жүйесінде ас мәзірі, тамақтың фотосуреттері және т. б. қоса беріліп, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы ақпарат жүйелі түрде орналастырылатын болады.