
2020 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қоғамдық ұйым өкілдерімен, ата-аналар қауымдастығымен кездесті. Ата-аналар балалар құқығын қамтамасыз етудің мәселелері жөнінде өзекті сұрақтар қойды.
Отырысқа қатысушылар Комитеттің шұғыл араласуын талап ететін бірқатар маңызды міндеттерді анықтады. Комитеттің одан әрі жұмысын жоспарлау кезінде барлық қатысушының пікірлері ескеріледі.
Отырыстың ұйымдастырушыларына Комитет алғыс білдіреді. Бұл форматтағы жұмыстар жалғасатын болады.