2020 жылғы 17 шілдесінде ұлттық дөңгелек үстел өткізді.

2020 жылғы 17 шілдесінде ұлттық дөңгелек үстел өткізді.

Террористік және әскери экстремистік топтар, соның ішінде шетелдік террористер феноменінен зардап шеккен балаларды қоса алғанда, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою мәселелері бойынша техникалық жәрдемдеудегі қажеттіліктерді бағалау нәтижелері бойынша ұлттық дөңгелек үстел (онлайн форматында)

 

2020 жылғы 17 шілдесінде БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдерінің қатысуымен ұлттық дөңгелек үстел өткізді, сондай-ақ іс-шара жұмысына Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің, Бас прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының техникалық жәрдемдеудің қажеттілігін бағалау нәтижелерін талқылау мәселесі болды, соның ішінде шетелдік террористер феноменінен зардап шеккен балаларды қоса алғанда, террористік және әскери экстремистік топтар тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою мәселелері.

Дөңгелек үстел аясында БҰҰ ЕҚБ есебінің жобасы түпкілікті қаралды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері осы есепке өз ұсыныстары мен ұсыныстарын ұсынды. Осы таныстырылым барысында дөңгелек үстелге қатысушылар БҰҰ ЕҚБ есебінің жобасын оң бағалады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысында есеп жобасының ұсынымдарын қолдану шеңберінде жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

БҰҰ ЕҚБ өкілдері террористік іс-әрекеттен зардап шеккен адамдармен, соның ішінде балалар да жұмыста Қазақстан Республикасының оң рөлін атап өтті.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің өкілдері өз сөзінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, террористік әрекеттен зардап шеккен балалармен жұмыс жасауда ұлттық мамандарды даярлау мәселесіне назар аударды.