
2020 жылдың 16 шілдесінде «Девианттық, девиантты мінез-құлықтың психологиясы» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, ҚР БҒМ Министрінің кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.А. Азимова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, «Ұлағатты Жанұя» ҚҚ жетекшісі М.Ю.Гурина, ҚР БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты, ШҚМУ профессоры, психология ғылымының кандидаты И.К. Мацкевич, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Р.М.Ақылбекова, Street Law Kazakhstan адам құқықтары және балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі Х.К. Ажигулова, психология ғылымдарының докторы, доцент, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі, Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры, «Жанұяны қолдау орталығы» қоғамдық қорының кеңесшісі А.А. Давлетова, психология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ психологиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекші жаттықтырушысы және мүшесі А.К.Байздрахманова, білім басқармаларының мамандары білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылар мен мамандары, ювенальді полиция қызметкерлері қатысты.
Онлайн-семинар аясында «Кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сату» бейнеролигі көрсетілді.
Семинар барысында девиантты мінез-құлықтың негізгі түрлері талданды, оның қалыптасу жағдайлары мен факторлары, балалар мен жасөспірімдер жасындағы көріністердің ерекшеліктері қарастырылды.
Психология ғылымдарының докторы, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі А.Давлетова, психология ғылымдарының кандидаты, девиация және зорлық-зомбылық саласындағы маман А. Байздрахмановамен қиын балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу кезінде қазіргі жағдайда туындайтын балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқының кейбір себептері айтылды. Сондай-ақ, қатысушылардың назарына психологиялық превенция және психокоррекция механизмі туралы ақпарат ұсынылды.
Бұл ақпарат педагогтар мен психологтарға, білім беру және әлеуметтік мекемелердің мамандарына, жасөспірімдердің ата-аналарына, балалардың мінез-құлқындағы девианттық проблемаларға қызығушылық танытатын барлық педагогтар мен психологтарға өзекті және пайдалы.
Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың девианттық мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді.