
Үстіміздегі жылдың 15 шілде күні ҚР Білім және ғылым вице министрлігі, Бала құқығын қорғау Комитетінің басшылығының ұйымдастыруымен кезекті қашықтықтан кеңес өтті.
Күн тәртібінде бүгінгі таңдағы бірнеше өзекті мәселелер қаралды. Кеңеске ҚР Білім және ғылым вице министрі Асылова Б.А, Бала құқығын қорғау Комитеті төрайымының орынбасары Жекебаев Д.Ш, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме басшылары мен Қорғаншы және Қамқоршылық істерді жүзеге асыратын мамандар қатысты.
Білім және ғылым вице министрі Асылова Б.А қазіргі таңда республика бойынша барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер 100℅ компьютер және гаджеттермен қамтылған, барлығы 1873 компьютер, 494 телевизорлар бар екені анықталғанын атап өтті. Жаңа 2020-2021 оқу жылының І тоқсандағы қашықтық оқытуға дайын болу керектігін мекеме басшыларына тапсырды.
Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемесі тәрбиеленушілерін қашықтықтан оқытуда компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету» туралы Павлодар облыстық балалар ауылының директоры Шамгалиева А.Д өз тәжірибелерімен бөлісті. 2019-2020 оқу жылының ІV тоқсанында қашықтық оқыту барысында және жазғы маусымда тәрбиеленушілер мен педагог қызметкерлер түрлі халықаралық, республикалық қашықтық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болғандығын атап өтті. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде, облыстық бюджеттен жаңадан компьютерлер алуға қаражат бөлінгені жөні хабарлады.
Тәрбиеленушілерді жұмыспен қамту, орналастыру жұмыстары жөнінде «Айналайын» балалар үйінің директоры Сейсембаева Ж.И. баяндама жасады. Облыстың кәсіпкерлері және кәсіптік білім беру мекемелерімен тығыз байланыс жасап, тәрбиеленушілердің қызығушылығын арттыру үшін бірнеше жобаларға қатысқандығы туралы баяндады.
Білім және ғылым вице-министрі Асылова Б.А барлық бітіруші түлектердің кәсіптік техникалық колледждері мен ЖОО сәтті түсуіне және құжаттардың жаңа форматта қабылданатынына аса көңіл бөлінуін талап етті. Әрбір бітіруші түлек өз бетінше онлайн құжат тапсыруды білуі тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы «COVID-19» вирусымен жұқтыру мәселелері талқыланды. Осыған байланысты барлық мекемелерде санитарлық дезинфекциялық шараларды күшейту, баланың жеке гигиенасы мен барлық балалар және қызметкерлердің бет перделерімен, антисептиктермен қамтамасыз етілуі тапсырылды. Егер қай мекемеде болсын қажетті дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда Бала құқығын қорғау комитетіне дереу хабарласу керек екені ескертілді.
2020 ж 15 шілдесінде ҚР Білім және ғылым вице-министрінің, Балалар құқығын қорғау комитетінің және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралған мәселелер өте өзекті, маңызды және орынды болды. Барлық қатысушыларға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргізіліп жатқан еңбектеріне сәттілік тілейміз!