
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ 2020 ЖЫЛҒЫ 15 ШІЛДЕДЕ БҰҰ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ В.О'БРАЙЕНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.
Кездесу Қазақстан Республикасы мен БҰҰ-ның одан әрі ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру шеңберінде өтті.
Кездесу барысында БҰҰ ЕҚБ өкілдері Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау ісіндегі Қазақстан Республикасының оң рөлін атап өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматтарды ұрыс қимылдары аймағынан қайтару ісіне белсенді қатысқаны айтылды.
Алдағы уақытта әріптестікті дамыту мақсатында БҰҰ ЕҚБ өкілдері өмірлік қиын жағдайда жүрген балалармен жұмыс істеуге жұмылдырылған өңірлік мамандар үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру жұмыстарын қолдауды ұсынды.
Сонымен қатар, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің өкілдері оқыту семинарларын ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Оған қоса өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың ұлттық жүйесімен өзара байланысты ұсыныстар ұсынды.
Кездесу соңында қатысушылар өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту семинарларының мерзімі мен бағдарламасын белгілеу мақсатында одан әрі кездесулер өткізу туралы келісімге келді.