
2020 жылдың 9 шілдесінде «Балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау: мектептерге арналған тәжірибелік кеңестер» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, ҚР БҒМ Министрінің кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.А. Азимова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, «Ұлағатты Жанұя» ҚҚ жетекшісі М.Ю.Гурина, ҚР БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты, ШҚМУ профессоры, психология ғылымының кандидаты И.К. Мацкевич, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Р.М.Ақылбекова, Street Law Kazakhstan адам құқықтары және балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі Х.К. Ажигулва, Just Support қорының атқарушы директоры С.Г. Богатырева, білім басқармаларының мамандары білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары, ювенальді полиция қызметкерлері қатысты.
Онлайн-семинарда «Әлеуметтік эксперимент: Буллинг» бейнеролигі көрсетілді. Сондай-ақ кеңеске қатысушылар Street Law Kazakhstan Білім беру жобасының үйлестірушісі Х. К. Әжіғұлованың «Балаларды буллингтен және кибербуллингтен қорғау: мектептерге арналған практикалық кеңестер» білім беру жобасы бойынша сөз сөйлеуін тыңдады», сонымен қатар, буллингтің психологиялық аспектілері және оның алдын алу туралы Just Support қорының атқарушы директоры Богатырева С.Г. айтып берді.
Семинар барысында Х.Әжіғұлова мен С. Богатырева арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен психологтарына арналған булинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша жұмыстары, сабақтары және әдістемелік ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланып, «Буллинг, кибербуллинг деген не және олар немен қауіпті?», «Бала қандай тәуекелдерге тап болуы мүмкін?», «Ата-ана бақылауы дегеніміз не?», «Интернетте өзін қалай қорғауға болады?» және т. б. мектептер, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп оқушылары үшін балаларды кибербуллингтен қалай қорғау керектігі туралы кеңестер ұсынылды.
Онлайн - семинар қорытындысы бойынша вице-министр Б. Асылова балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдардың озық тәжірибесін тарату бойынша ұсынымдар берді.