Жетім балалар мен интернаттық мекемелердің балаларына өзін-өзі өмірге бейімдеу мен әлеуметтендіруге тиімді көмек көрсететін «Тәлімгерлік» жобасы .

Жетім балалар мен интернаттық мекемелердің балаларына өзін-өзі өмірге бейімдеу мен әлеуметтендіруге тиімді көмек көрсететін «Тәлімгерлік» жобасы .

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен кезекті рет ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың басшылығымен онлайн режимінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында қазіргі таңда өзекті мәселелер - COVID-19 пандемиясы кезінде тәрбиеленушілердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, тәрбиеленушілердің өз бетімен кетуінің себептері және қашудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралары талқыланды.

Балалардың денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда карантин енгізілді.

Сонымен қатар жетім балалар мен интернаттық мекемелердің балаларына өзін-өзі өмірге бейімдеу мен әлеуметтендіруге тиімді көмек көрсететін «Тәлімгерлік» жобасы ұсынылды.