
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде он – лайн режимінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшыларымен, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мамандармен кеңес өткізілді.
Кеңес жұмысының барысында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің мәселелері талқыланды. Республикада кәмелетке толмағандарды бейімдеу бойынша 12 орталық жұмыс жасайды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының негізгі міндеттері: кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, жасына және денсаулық жағдайына жақын өмір сүру жағдайын жасау болып табылады.
Барлық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында тәрбиеленушілерге консультациялық, психологиялық, анықтамалық-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған отбасын қолдау қызметтері жұмыс жасайды.