«Арнайы білім беру ұйымдарының өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн-кеңес

«Арнайы білім беру ұйымдарының өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн-кеңес

18 маусымда «Арнайы білім беру ұйымдарының өзекті мәселелері, оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн кеңес өткізілді.

Онлайн кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, білім басқармаларының өкілдері, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшылары қатысты.

Онлайн кеңес барысында арнайы білім беру ұйымдарының өзекті мәселелері талқыланды, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша тиімді шараларды анықтау және қабылдау үшін бірлескен іс-қимылдарға талдау жасалды.

Онлайн кеңес қорытындысы бойынша девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту бойынша проблемаларды шешу жолдары мен ұсыныстар әзірленді.