
2020 жылдың 25 маусымында «Заңмен қарым-қатынаста және қайшылықтағы балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында онлайн кеңес өткізілді.
Онлайн конференция жұмысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асылова, ҚР БҒМ Министрінің кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э. А. Әзімова, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдері Ващенко Вероника, Т. Адерихина, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төраға орынбасары Ю. Р. Овечкина, БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты И. Мацкевич, «Құқық» ҚҚ директоры О. Рыль, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, «Ұлағатты жанұя» ҚҚ жетекшісі М. Ю. Гурина, «KAZBRANDS» ҚҚ президенті Ж. К. Қайкенова, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Р. Ақылбекова, «Қазақстанның Балалар Қоры» ҚҚ директоры Э. С. Ватлина, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, білім басқармалары мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты.
Онлайн кеңес барысында арнайы білім беру ұйымдарының өзекті мәселелері, бала мен отбасын қиын өмірлік жағдай туындағаннан бастап одан шыққанға дейін әлеуметтендіру мәселелері талқыланды.
Онлайн кеңестің қорытындысы бойынша арнайы білім беру ұйымдарында қоғамға бейімделуге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау, осы санаттағы балаларды әлеуметтендіру және бейімдеу үшін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.