ТМД елдеріндегі Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында халықаралық онлайн-конференция

ТМД елдеріндегі Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында халықаралық онлайн-конференция

Ағымдағы жылдың 17 мамырында «ТМД елдерінің балалар психологтарының, әлеуметтік педагогтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің қызметі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті. Іс-шараға ТМД елдерінің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер комиссиясының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, балалар психологтары, әлеуметтік педагогтар мен ТМД елдерінің әлеуметтік қызметкерлері қатысты.

Конференцияда мамандардың балалармен жұмыс істеу кезінде кездесетін өзекті мәселелері мен түйткілдер қаралды, сондай-ақ сәтті тәжірибелер мен әдістермен бөлісті.

«Бірлескен конференцияларды өткізу − балалық шақ мәселелеріне барынша назар аударуға мүмкіндік береді, ал кездесулер мен тәжірибе алмасу нәтижелері балалардың құқықтарын қорғау саласындағы алдағы жоспарларды жүзеге асыруға көмектеседі», − деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Естеріңізге сала кетсек, ТМД елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2022 жылғы 12 қазандағы шешімімен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер (омбудсмендер) комиссиясы құрылды. ҚР Оқу-ағарту министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi Комиссияның жұмыс тобының белсендi мүшесi болып табылады және ТМД аумағында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға елеулi үлес қосуды жалғастыруда.