
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен облыстық және қалалық Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиялардың (Комиссия) хатшыларымен онлайн-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Комиссия қызметі мәселелері бойынша заңнамаға жаңа енгізілімдер:
- кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан және қатыгез қарым-қатынастан құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту бойынша Комиссия құзыретін кеңейту;
- Комиссия хатшысы үшін тиісті жергілікті атқарушы органның аппаратында жеке штат бірлігін бөлу талқыланды.
Сондай-ақ, 2020 жылдың басынан бері Комиссия құрамына енгізілген білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарларымен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша төтенше жағдай режиміндегі Комиссия жұмысы бойынша ұсынымдар берілді.