Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтық акция

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтық акция

«Менің Отанымның тарихы - менің отбасымның тарихы»

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтық акция

 

Ұлы Отан соғысы әр отбасының тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз!

Біздің мәңгі есімізде! Мақтан тұтамыз! Құрметтейміз!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында біз «Менің Отанымның тарихы - менің отбасымның тарихы» атты қашықтық акциясын жариялаймыз.
Отбасылық мұрағаттардан тарихи суреттерді #естесақтаймыз_мақтанетіміз атты хештегімен орналастыруларыңызды сұраймыз.
Достарыңызға ата-әжелеріңіз туралы, Отанымызды майданда, тылда жанқиярлықпен қорғағандар туралы айтып беріңіздер.
Соғысқа дейінгі, соғыс және соғыстан кейінгі уақыттағы мұрағаттардағы фотосуреттермен және осы фотосуреттің оқиғасымен бөлісіңіз.

9 мамыр күні біздің батыл тұлғалардың фото суреттері Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің әлеуметтік желілерінің «Біздің мәңгі есімізде! Мақтан тұтамыз! Құрметтейміз!»
фото галереясында жарияланады.
Құрметті оқушылар, студенттер, ата-аналар, ұстаздар!
Біздің ата-бабаларымыздың жасаған ісіне деген мақтаныш пен құрмет тұтудың бір тұсында бірігейік.