
2020 жылдың 27 сәуірінде Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, Алматы қаласының білім бөлімдерінің өкілдерімен және арнайы ұстау режимі бар арнайы білім беру ұйымдары мен ұйымдарының басшылары, мамандарымен онлайн-кеңес өткізілді.
Кездесу барысында арнайы ұйымдар мен төтенше жағдай режимінде арнаулы бiлiм беру ұйымдары, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары қызметіндегі проблемалар талқыланып, оларды шешу жолдары мен уақтылы әрекет ету мүмкіндігі қарастырылды.
Басшылар төтенше жағдай кезінде балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Онлайн-кеңес нәтижесінде аталған ұйымдарда төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар жасалды.