Өңірлерде еріктілер қозғалысын дамыту және әлеуметтік мекемелерде тәлімгерлік тәжірибесін енгізу .

Өңірлерде еріктілер қозғалысын дамыту және әлеуметтік мекемелерде тәлімгерлік тәжірибесін енгізу .

ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында вице - министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылованың төрағалығымен онлайн-кеңес өтті.
Күн тәртібінде: өңірлерде еріктілер қозғалысын дамыту және әлеуметтік мекемелерде тәлімгерлік тәжірибесін енгізу .
Алаңның модераторы болып Республикалық Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша министрдің кеңесшісі Раиса Петровна Шер болды.
Алаңға форумға қатысушыларды жобаның тұжырымдамасымен таныстыру үшін «Kazbrands»ҚҚ президенті және «Birgemiz, Sabaqtastyq!» жалпыұлттық жобасының етекшісі Қайкенова Жанна Қасымқызы шақырылды. Онлайн-алаңға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары, сондай-ақ барлық өңірлердің әлеуметтік мекемелерінің басшылары шақырылды.
Біз, «Kazbrands» ҚҚ командасы үшін орталық биліктің жоғары ведомствосының алаңында сөз сөйлеп және «Birgemiz, Sabaqtastyq!» жалпыұлттық әлеуметтік жобасын іске асыру жайлы толық ақпаратпен бөлісу үлкен құрмет.
5 мамыр күні, Раиса Петровна «Тәлімгерлер мен еріктілер мектебінің» ресми ашылуына қатыса отырып, осы жобаға қызығушылық танытып, әлеуметтік мекемелер басшыларының назарын аудару үшін Министрлік алаңда талқылауды ұсынып, және оларды еріктілер жылында маңызды жобаны іске асырушы ретінде «Kazbrands» ҚҚ-мен серіктес болуға шақырды.
Бүгін өткізілген онлайн - кеңестің тиімді жұмысы мен жеделдігі үшін РҚББОӘО-ның ҚР БҒМ үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жоба үшін бұл әлеуметтік мекемелер басшыларымен тікелей өзара жұмыс жасау арқылы тәлімгерлер мен еріктілердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін үлкен қолдау. Балалар үйлеріндегі балаларға және өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға қатысты тәлімгерлікті тұрақты бірге қалай жасау керек.
Сонымен қатар, әлеуметтік мекемелердің басшылары, сондай-ақ жоба аясында құрылған еріктілерді қолдау орталықтарының басшылары Нұр-сұлтан, Шымкент, Атырау қалаларынан: Құралай Токтамұратқызы, Гүлнар Үсенова, Әйгерім Сапарова ұсыныстармен сөз сөйледі.
Синергия-Қазақстан университетінің ректоры, Нұр-сұлтан қ. әкімінің кеңесшісі, елдегі менторлық қозғалыстың көшбасшысы Бауыржан Қасымбергебаев әлеуметтік мекемелердегі балалар арасында кәсіптік бағдар беру мәселелерін қолдау туралы ұсыныс жасады. Жобаны одан әрі тұрақты дамытудың маңыздылығы туралы айтылды. Бүгінгі алаң ұйымдастырушылармен әзірленген тұжырымдама осы әлеуметтік жобаның маңыздылығы мен бірегейлігін бірауыздан мойындаған, менторлық институттың, қоғамдағы тәлімгерлік және еріктілер қозғалысын дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.
«Birgemiz, Sabaqtastyq!» әлеуметтік жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құрылымының «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Біз бірге күшпіз! Bizbirgemiz!