
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық конкурстық бейне интернет-жобасын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу жағдайына қатысты қосымша төмендегіні хабарлайды.
- Конкурсқа қатысқан қазақстандық отбасылардың белсенділігі жоғары және конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімдер санының көп болғанына (3 мыңнан астам бейне-өтінімдер);
- YouTube арнасына қатысушылардың бейнероликтерін орналастыру санына тәуліктік шектеу болуына байланысты
конкурс ұйымдастырушылары конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерінің өзгеруі туралы шешім қабылдады.
Конкурстың жаңа мерзімдері:
1 кезең:
өтінімдерді қабалдау – 2020 жылғы 31 сәуірге дейін;
бейнелерді жариялау – 2020 жылғы 31 мамырға дейін;
ресми дауыс беру – 2020 жылғы 1 маусымнан 15 маусымға дейін..
Келесі бейнелер қабылданбайды:
1) бейне-сюжеті жоқ фотосуреттерден тұратын бейне;
2) ересектерге арналған контенті бар бейне;
3) отбасы туралы мәліметтері, конкурстың атауы және т.б. жоқ бейне;
4) алкоголь мен темекі жарнамасы бар бейне;
5) бағалау өлшемдеріне сәйкес келмейтін бейне.
2020 жылдың 31 мамырға дейін арнада бейнелері орналастырылған қатысушы отбасылар конкурстың 2 кезеңіне қатысуға құқығы бар.
2 кезең:
өтінімдерді қабалдау – 2020 жылғы 15 маусымнан 30 маусымға дейін;
бейне роликті жариялау – 2020 жылғы 31 шілдеге дейін;
ресми дауыс беру – 2020 жылғы 1тамыздан 15 тамызға дейін.
❌Келесі бейнелер қабылданбайды:
1) бейне-сюжеті жоқ фотосуреттерден тұратын бейне;
2) ересектерге арналған контенті бар бейне;
3) отбасы туралы мәліметтері, конкурстың атауы және т.б. жоқ бейне;
4) алкоголь мен темекі жарнамасы бар бейне;
5) бағалау өлшемдеріне сәйкес келмейтін бейне.
Конкурстың 2 кезеңіне қатысу үшін бейнелерді 2020 жылғы
15 маусымға дейін proektkopd@mail.ru электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз.
Финал:
Конкурс ұйымдастырушылары дауыс беруді талдау- 2020 жылғы 15 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;
Конкурстың жеңімпаздарын жариялау – Қазақстандағы отбасы күні – 2020 жылғы 13 қыркүйек
Интернет-жобаның қорытындылары қатысушы-отбасылардың барлық бейне көрулері мен репостар бойынша шығарылады .
2020 жылғы 13 қыркүйекте жеңімпаздар дипломдар мен естеліктермен марапатталады.
Жеңімпазадар саны әр номинация бойынша – 5 отбасынан кем емес, призерлар саны – 5 отбасынан кем емес.
Өзіңіздің бейне-ролигіңізді «Бақыт отбасынан басталады - Счастье рождается в семье» YouTube арнасының «плейлисты» бөліміндегі өзіңіз таңдаған номинациядан таба аласыз.
YouTube арнасының сілтемесі: https://www.youtube.com/…/UCDkA8VTYbfi0lUgdXNR6Luw/featured…
Бейнені көру және отбасыңызға одан әрі дауыс беру үшін бұл сілтемені туысқандарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге, таныстарыңызға жібере аласыз.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде байқау кезеңдері туралы ақпарат орналастырылады (https://www.facebook.com/bala.edu.gov.kz/, @kopd_mon_rk)
Құрметті қатысушылар, барлық жолданған бейнелер қарастырылатын болады.Әр қайсыңыздың электрондық поштаңызға Конкурсқа отбасыңыздың қатысу немесе қатыспауы туралы ақпарат жолданады.
Конкурс кезеңдерінің белгіленген мерзімдерінен тыс түскен өтінімдер автоматты түрде қабылданбайды!
Байқауды ұйымдастырушылар Бізбен бірге болғаныңыз, түсіністік пен шыдамдылық үшін алғыс білдіреді!
Сіздің отбасыңызға бақыт, денсаулық және сәттілік тілейміз.