2020 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдар басшыларын қосу арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) 26 отырысы өтті.

Кезекті ВАК отырысында келесі сұрақтарды қарастырылды:
1. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру туралы;
2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар туралы.
ВАК жұмысына Бала құқықтары және адам құқықтары жөніндегі уәкілдері, ВАК мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті департаменттері директорларының орынбасарлары қатысты.
ВАК қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру туралы балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім беру ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар әзірленді.
_________________________________________________

Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
ВАК кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында 2007 жылы құрылды.