
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандар арасында агрессивті жарақат (буллинг) көріністерінің алдын алу бөлігінде жоспарлы жұмыс жүргізуде.
2020 жылғы 24 маусымда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің онлайн алаңында жиналыс өткізілді. Онда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Р.П. Шер, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.А. Әзімова, құқық докторы (PhD), «StreetLawKazakhstan» жобасының ұлттық үйлестірушісі Х.К. Әжіғұлова, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының білім беру бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі (UNODC) С.Г. Исабекова, Орталық Азия бойынша ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің білім беру бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі М.Қ. Алпысбаева, Экономикалық-құқықтық зерттеулердің еуразиялық орталығы директорының орынбасары Е. А. Бондаренко, гендерлік құқықтар жөніндегі ғалым, Елбасы – Тұңғыш Президент Қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі – Ж. Темірбекова, StreetLawKazakhstan жобасының тең үйлестірушісі Г. Тәкішева қатысты.
Кеңес барысында балалар ортасындағы буллинг мәселелерін баяндайтын түрлі өзекті мәселелер қозғалды. Кеңеске қатысушылар буллинг көрінісімен тиімді күрес құралдарының бірі ретінде құқықтық мектептегі білім беру механизмін қарастыруға ұсынды.
Отырысқа қатысушыларға көрнекі мысал ретінде оқушылар арасындағы тұлғааралық қатынастарды үйлестіруге мүмкіндік беретін «StreetLawKazakhstan» жобасы жұмысының нәтижелері ұсынылды.
БҰҰ ЕҚБ және ЮНЕСКО өкілдері тұрақты дамуға бағытталған стратегиялық құжаттарды, оның ішінде оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша практикалық нұсқаулықтар мен ұсынымдарды ұсынды.
Кездесу соңында қатысушылар оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру және буллинг көріністерінің алдын алу мақсатында одан әрі ұсынымдар қалыптастыру үшін бірқатар осындай кездесулер өткізу қажеттігін атап өтті. Жалпы бірлескен жұмыс пен жоспарлы жұмыстың қорытындысы балалар ортасында және балаларға қатысты бұзушылықтар санының төмендеуі болуы тиіс.