
«Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық конкурстық бейне
интернет-жобасының II кезеңінің басталуы туралы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық конкурстық бейне интернет-жобасының (бұдан әрі – Конкурс) II кезеңінің басталуы туралы хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 15 маусымда I кезеңінің дауыс беруі аяқталды.
Конкурстың I кезеңі келесі номинация бойынша өткізілді:
1-номинация «Менің отбасым – еріктілердің тату отбасы»
2-номинация «Менің отбасым шығармашылық және өнер әлемінде»
3-номинация «Менің отбасым – көптілді отбасы»
4-номинация «Менің отбасымда-спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті»
5-номинация «Біздің отбасымызда барлығы шебер»
6-номинация «Менің отбасым кітаптар әлемінде»
7-номинация «Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және реликвиялары»
2 кезең:
өтінімдерді қабылдау – 2020 жылғы 30 маусымға дейін;
бейне роликті жариялау – 2020 жылғы 31 шілдеге дейін;
ресми дауыс беру – 2020 жылғы 1тамыздан 15 тамызға дейін.
Интернет-жобаға қатысушы отбасы «Болашақтың Қазақстаны» тақырыбына ұзақтығы 3 минутік бейне ролик орналастырады және елді дамыту бойынша идеяларды ұсынады.
Конкурстың 2 кезеңіне қатысу үшін бейнелерді proektkopd@mail.ru электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз.
Финал:
Конкурс ұйымдастырушылары дауыс беруді талдау- 2020 жылғы 15 тамыздан 10 қыркүйекке дейін;
Конкурстың жеңімпаздарын жариялау – Қазақстандағы отбасы күні – 2020 жылғы 13 қыркүйек
Конкурстың қорытындылары қатысушы-отбасылардың екі кезеңнің (1 және 2 кезең) бейнероликтердің көрулері мен репостар бойынша шығарылады .
2020 жылғы 13 қыркүйекте жеңімпаздар мен призерлар дипломдар мен естеліктермен марапатталады.
Жеңімпаздар саны әр номинация бойынша – 5 отбасынан кем емес, призерлер саны – 5 отбасынан кем емес.
Келесі бейнелер қабылданбайды: 1) бейне-сюжеті жоқ фотосуреттерден тұратын бейне; 2) ересектерге арналған контенті бар бейне; 3) отбасы туралы мәліметтері, конкурстың атауы және т.б. жоқ бейне; 4) алкоголь мен темекі жарнамасы бар бейне; 5) бағалау өлшемдеріне сәйкес келмейтін бейне.
Өзіңіздің бейне-ролигіңізді «Бақыт отбасынан басталады - Счастье рождается в семье» YouTube арнасында сілтеме бойынша таба аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCDkA8VTYbfi0lUgdXNR6Luw/featured?view_as=subscriber
Бейнені көру және отбасыңызға одан әрі дауыс беру үшін бұл сілтемені туысқандарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге, таныстарыңызға жібере аласыз.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде байқау кезеңдері туралы ақпарат орналастырылады (https://www.facebook.com/bala.edu.gov.kz/, @kopd_mon_rk)
Құрметті қатысушылар, барлық жолданған бейнелер қарастырылатын болады.Әр қайсыңыздың электрондық поштаңызға Конкурсқа отбасыңыздың қатысу немесе қатыспауы туралы ақпарат жолданады.
Конкурс кезеңдерінің белгіленген мерзімдерінен тыс түскен өтінімдер автоматты түрде қабылданбайды!
Байқауды ұйымдастырушылар Бізбен бірге болғаныңыз, түсіністік пен шыдамдылық үшін алғыс білдіреді! Сіздің отбасыңызға бақыт, денсаулық және сәттілік тілейміз.