Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру бойынша онлайн-семинар өткізу туралы

Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды  ұйымдастыру бойынша онлайн-семинар өткізу туралы

2020 жылдың 23 маусымында «МЖӘ тетігін пайдалана отырып балаларды тасымалдау бойынша қызметтерді ұйымдастыру» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Онлайн семинар жұмысына балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің орынбасарлары Д. Жекебаев, Ю. Овечкина, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның аға консультанты А. Садыкова, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, білім басқармаларының мамандары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Бүгін «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-мен семинар аясында облыс және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдерімен «Балаларды тасымалдау жобаларында МЖӘ тетіктерін қалай пайдалануға болады?», «МЖӘ жобасын неден бастау керек?», «Қандай алгоритм? - осы және басқа да мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге, онлайн семинар барысында жобаларды іске асыру алгоритмі, шығындарды өтеу және табыс алу көздерінің түрлері, МЖӘ бойынша жобаларды іске асыру нұсқалары талқыланды.