«Барлығы балалар үшін» республикалық балалар суреттері байқауының нәтижелері

«Барлығы балалар үшін»  республикалық балалар суреттері байқауының нәтижелері

«Барлығы балалар үшін»

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық балалар суреттері байқауының нәтижелері

 

               
         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ЮНЕСКО-ның «Нұр Сұлтан» балалар өнер мектебі-клубымен бірлесіп, 2020 жылдың 1 мен 20 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін»

атты балалар суреттерінің республикалық онлайн байқауын ұйымдастырды.   
         Байқаудың мақсаты - республика балаларының жеке және шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасау.

         Байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті конкурстың барлық қатысушыларына жаңа шығармашылық табыстар тілейді. Сіздердің шынайы, мейірімді және өте талантты суреттеріңіз үшін рахмет!

         Кәсіби қазылар алқасына - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелеріне, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Халықаралық суретші ұстаздар одағының мүшелеріне балалардың жұмысына ерекше көңіл бөлгендері үшін алғыс айтамыз.