
МЕЙІРІМДІ ҚАЛАЛАР БАЛАРҒА ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Осы және басқа да сұрақтарға 2020 жылдың 19 маусымында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастырумен өткізілген жиынның қатысушылары жауап берді.
Елімізде «Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасына 21 қала (Нұр-Сұлтан қ., Алматы қаласының Алмалы ауданы, Қарағанды облысының Қарағанды, Сатпаев, Саран, Балхаш қалалары, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалалары, Павлодар облысының Ақсу, Екібастұз Павлодар қалалары, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Ақтау, Атырау қалалары, Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск қалалары, Алматы облысының Текелі қаласы) және 4 аудан (Қарағанды облысының Абай, Осакаровск, Нұра аудандары, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы) қосылып, Бала құқықтары туралы Конвенцияның қағидалары мен талаптарына сәйкес жергілікті басқаруды құру міндеттемелерін алды.
Бұл неліктен маңызды?
Қоғамда қабылданған шешім балаларға өзінің әсерін қатты тигізуі мүмкін. Ал балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының жақсы болуы, қаланың болашақ үшін жасай алатын ең жақсы үлесі. Көбіне балалардың пікірі сирек сұралады. Сондықтан, аталмыш бастама барлық баланың пікірі маңызды екенін көрсетеді.
Қалай байқалады?
Бұл бастаманың басқа бағдарламалардан басты ерекшелігі – балалар мен жастардың өз мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау процестеріне міндетті түрде қатысуы болып табылады.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес балаға мейірімді қалада әрбір кішкентай азамат үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) үйлестірушісі Стативкина Анна қатысушыларға Қазақстандағы және әлемдегі бастамаларды жүзеге асыру тетіктері туралы айтып берді.
Кеңес соңында басқа қалалар өздерінің тілектерін айтып, аталмыш бастамаға қосылатындықтарын жеткізді.