«Ата-ана университеті» онлайн-семинары

«Ата-ана университеті» онлайн-семинары

ЕГЕР БАЛАҢЫЗДЫ ПАРАСАТТЫ  ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ТӘРБИЕЛЕГІҢІЗ КЕЛСЕ, ӨЗІҢІЗ ҮЛГІ БОЛЫҢЫЗ.

 

                2020 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, 100-ден астам ата-аналар мен мұғалімдер «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының үйлесімді даму институты ұйымдастырған «Ата-ана университеті» онлайн-семинарына қатысты.

         Жиында ата-аналар мен ғалымдар және мұғалімдер бірлесе отырып отбасындағы балаларды тәрбиелеудің маңызды мәселелерін талқылады.

         Адамның үйлесімді дамуы институтының қызметкерлері ата-аналарға балалардың ересектерден және жалпы отбасынан не күтетіндігі турасында айтты.

         Кездесуге қатысушылар өмірдің негізгі рухани құндылықтары, мысалы, махаббат, шындық, зорлық-зомбылыққа қатысты пікірлерін белсенді түрде білдірді.

         Өйткені, әділеттілік, сыпайылық, ұқыптылық, мейірімділік, адалдық, жанашырлық туралы баланың көзқарасы отбасында қалыптасады.

                Егер сіз баланы парасатты тұлға ретінде тәрбиелегіңіз келсе, өзіңіз үлгі болыңыз. Парасаттылыққа қалай қол жеткізуге болады? Бұл сұраққа барлық ата-аналардың бірауыздан берген жауабы: отбасындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының үйлесімді даму институтының ұжымына, ата-аналар мен мұғалімдерге мазмұнды және қызықты кездесу үшін шын жүректен алғыс білдіреді.