
2020 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Д. Жекебаевтың, төраға орынбасары Ю.Овечкинаның, ҚР ІІМ ТЖК азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқарма бастығы У.Абдрахмановтың, Ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы А. Оспановтың қатысуымен онлайн режимде брифинг өтті.
Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 20 мамырынан Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акция бастау алды.
Халықаралық балаларды қорғау күнін Қазақстан Республикасында кең көлемде атап өту әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына мемлекеттік көңіл мен қамқорлықтың басымдылығын, Қазақстанның қатысушы мемлекет ретінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциясының ережелерін орындауға деген ұмтылысын растайды.
Акцияның мақсаты - мемлекеттік саясатты балалардың мүдделері үшін іске асыруға және олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамның назарын аударуда мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес, халықаралық ұйымдардың, іскер топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының күштерін біріктіру.
«Барлық жақсылық - балаларға» ұраны барлық мерекелердегі негізгі қағида болып табылады.
Республикалық акция қоғамға ұлты, жынысы, діні, әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан ӘР БАЛАҒА ерекше күтім жасау қажеттілігі туралы ескерту болуы керек. Ерекше назар қиын жағдайдағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасыларға аударылады.
Республиканың барлық аймақтарында тақырыптық блоктарға біріктірілген қашықтық форматтағы келесі іс-шаралар өтеді: «Бала мен отбасы», «Балаға мейірімді қала», «Бала құқығы, адамдардың құқығы», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жолым!», «Қоғамның балалық шақты қорғауы», «Үздік болу құқығы», «Құқықтық сағат»,«Қазақстан балалары спортты таңдайды!».
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларды ақпараттандыру үшін Youtube-тың арнайы «БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ҮШІН» каналы ашылды. Әлеуметтік желілерде қазақстандық отбасылардың құттықтаулары жариялануда.
Акция аясында «Балалар бастамасы - Мәңгілік елге» балалар әлеуметтік жобалары байқауының, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мен оның алдын алуға арналған «Балалар еңбегіне қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық акция қатысушыларын марапаттау ұйымдастырылады.
«Жұлдызай» балалар фестивалінің лауреаттары мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен республикалық қашықтық акция өтеді.
Барлығы 1 маусым күні республика бойынша Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 1000-нан астам іс-шаралар өтеді, оған мектепке дейінгі, мектеп жасындағы 3 млн. балалары және студент жастары қатысады.
Акцияның барлық бағыттары қоғамдық санада «бала», «балалар», «бақытты балалық шақ», «әр бала отбасында өмір сүруі керек», «балалардың құқықтарын қорғау», «құқықтар мен міндеттер» ұғымдарының құндылықтарын нығайтуға және белсенді балаларды тәрбиелеуге бағытталған. Акция белсенді азаматтық ұстанымды, патриоттық сезімді, мақтаныш сезімін, елдің жетістіктеріне қатысуға, өз халқының, қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз етуге, өмірлік бағытты дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.