
010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй
11 кіреберіс
тел:(7172) 74-23-81
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері үшін Республикалық оқыту семинарын өткізу туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2020 жылғы 12 маусымда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орта қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері үшін «Заңмен қақтығыстағы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-өмірлік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында республикалық оқыту семинарын өткізді.
Республикалық семинар жұмысына онлайн режимінде ҚР Білім және ғылым министрінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері қатысты.
Семинар шеңберінде Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының педагог-психологы О. И. Лаврушенко бірқатар іс-шаралар кешенін өткізді: интерактивті әңгімелер, мотивациялық тренингтер, жаттығулар және т. б.
Семинар барысында мекеме қызметкерлері кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін алғашқы диагностикалау әдістерімен танысты, психологиялық құралдар арқылы кәмелетке толмағандармен әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас дағдыларына үйретілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сертификаттары табыс етілді.