"Балдәурен-Таусамалы" балалар лагеріне жұмыс сапары.

"Балдәурен-Таусамалы" балалар лагеріне жұмыс сапары.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері «Балдәурен-Таусамалында» орналасқан, су тасқынынан зардап шеккен Мақтаралдық кішкентай тұрғындармен жүздесіп, жағдайларын көзбен көріп қайтты.

 Қазірдің өзінде аталмыш демалыс орындарында 600 бала демалуда. Ал 15 маусымнан бастап, қалған 1073 баланы орналастыру көзделіп отыр.

 Бұл жұмысқа республика бойынша 10 лагерь жұмылдырылды. Атап айтқанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университеті, «Балдәурен-Қапшағай», «Балдәурен-Түркістан» және «Бөбек» оқу-сауықтыру орталықтары, сонымен қатар Түркістан облысының қала сыртындағы лагерлері.

 Лагерде балаларды орналастырар алдындағы санитарлық-эпидемиялық нормалардың сақталуы қатаң бақылауға алынған.