
Әлеуметтік желілерде тараған Түркістан облысындағы «№7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ тәрбиеленушілерінің құқықтары бұзылды деген ақпарат негізінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ықпалымен жедел түрде комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілді.
Бұл Түркістан облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат мекемелерінде орын алған алғашқы жағдай емес. Өткен жылы «Құлағы нашар еститін балалар үшін Леңгір қосалқы мектеп-интернатында» ұқсас жағдай орын алып, тиісті шара қолданылған.
Комитеттің бастамасымен шұғыл түрде онлайн режимінде кезектен тыс комиссияның Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша өңірлік ведомоствоаралық отырысы өтті. Оған Түркістан облысы әкімдігіне қарасты жауапты тұлғалар және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э. Әзімова, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А. Саин мен қоғам белсенділері қатысты.
Отырыста бала құқықтарын қорғау бойынша орын алған кемшіліктерді жою және алдын алу мақсатында шұғыл ұсыныстар әзірленді.
Аталмыш ұсыныстар бойынша жергілікті атқарушы органға тапсырма берілді.
Тапсырманың орындалуы ҚР Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында жіті қаралатын болады.