Психологтарды қашықтықтан оқыту туралы.

Психологтарды қашықтықтан оқыту туралы.

 

 

 

 

 

 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, ҚР ДСМ Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мектеп және колледж психологтарына арналған оқыту циклдарын аяқтады, олар еліміздің барлық өңірлері үшін дистанциялық режимде 2020 жылдың 4 мамырынан бастап бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде өткізілді.

Ұлттық жаттықтырушылар командасы (Л.П. Куземко,                    Ж.Т. Махатаева және Е.А. Грошева) «Жастар қызметкерлерінің қауымдастығы» ҚБ техникалық қолдауымен қашықтықтан режимде балаларға, жасөспірімдерге, ата-аналарға, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ педагог-психологтарға стрессті жеңуде, жасөспірімдердің суицидалды мінез-құлқының алдын алу, эмоциялық жану және т. б. мәселелері бойынша                        47 онлайн оқыту семинарларын өткізді.

Педагог-психологтарға әдістемелік көмек көрсету үшін https://covid-19.mentalcenter.kz сайтта психологтарға арналған практикалық ұсыныстар, жаттығулар және қосымша әдебиеттер орналастырылған жеке веб-бет құрылды.

Сайт сондай-ақ халыққа да, педагог-психологтарға да балалар мен ересектерді психологиялық сүйемелдеу мәселелері бойынша онлайн кеңестер береді.

Педагог-психологтар өздеріне берілген материалдың уақтылығы мен сапасын жоғары бағалады, сондай-ақ осы бастаманы жаңа оқу жылында жалғастыру туралы өтініш білдірді.