ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТУДІ ҰСЫНДЫ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТУДІ ҰСЫНДЫ

Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен өткен кеңесте жергілікті қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметінің өзекті мәселелері талқылады. Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары, білім басқармаларының басшылары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның хатшылары, ҚР Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкілдері қатысты.

Өз баяндамасында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қорғаншылық органдарының қызметіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейтінін атап өтті.

«Комитет жедел шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді талдап, анықтады. Бүгінде өңірлердегі жұмыстың барлығын дерлік тек 1 адам, ал ірі қалаларда 3 адамға дейін жүргізеді. Мамандар санының жеткіліксіздігінен жоғары жүктеме байқалады. Мәселен, қызметтік көліктің жоқтығы, еңбекақының төмендігі және т.б. Сонымен қатар, мамандар қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу барысында да қорғалмайды», - деді Насымжан Оспанова.

Сөз соңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жергілікті қорғаншылық органдарының қызметін қайта қарауды тапсырды. Жағдайды жақсарту үшін жергілікті деңгейде қорғаншылық органдары мамандарының санын ұлғайту, лауазымдық нұсқаулықтарды міндеттеріне сәйкес келтіру, қосымша жұмыс үшін еңбекақы төлеу, қорғаншылық органдарын көлікпен, байланыспен және бейнетіркеумен қамтамасыз ету, сондай-ақ қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу үшін отбасыларды қолдау орталықтарының ресурстарын тарту ұсынылады.