
Республика бойынша 500-ден астам оқушы «Вейпсіз әлем» суреттер челленджіне қатысты. Аталған жоба 2-25 қазан аралығында елімізде жасөспірімдер мен жастар арасында электрондық жүйелер мен вейптердің таралуына қарсы күрес мақсатында іске қосылған болатын.
Челленждің басты мақсаты − балалардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысын қолдау және олардың вейпингтің зияны туралы хабардарлығын арттыру. Қатысушылар залалды әдеттерден бас тартып, оларды денсаулықты сақтауға ықпал ететін белсенді әрекеттермен алмастыруға шақырылды.
Бүгінде республиканың әрбір мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әзірлеген «2023-2025 жылдарға арналған оқушылар мен жасөспірімдер арасында электрондық темекі/вейптарды тұтынудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша Жол картасы» іске асырылуда.