
Күні кеше Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Оған білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің орынбасарлары мен бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің қатысты.
Отырыс барысында бала құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, оның ішінде мектептерде сапалы тамақтандыру мен білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалдау және басқа да мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.