
Күні кеше Оқу-ағарту министрлігінде білім басқармаларының басшыларымен кеңес өткізілді. Отырыс барысында Балалардың құқықтарын бұзудағы резонанстық жағдайлары талқыланды.
Оқу-ағарту Вице-министрі Еділ Оспан Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге және заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, басты мақсат - балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүруіне жағдай жасау.
Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшыларына білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын күшейту, сондай-ақ мектептегі тамақтану сапасының мәселелерін бақылауға алу тапсырылды.