
Астана қаласында Чехия, Хорватия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен «Қазақстандағы балалар жылы: балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, түйінді сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» конференциясы өтті. Оған БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Парламент, үкіметтік емес ұйымдар, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, педагогтер, ата-аналар және балалар өкілдері қатысты.
Конференцияға қатысушыларды Білім министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзімен қарсы алды. Ол қатысушыларға балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенділігі мен үлесі үшін алғыс білдіріп, Қазақстандағы Балалар жылын қорытындылады. Сондай-ақ, балалық шақтың өзекті мәселелерін шешудегі одан әрі жүзеге асырылатын іс-қимылдар мен тәсілдер қарастырылды.
Министр Балалар жылындағы келесі басым бағыт балабақшаларда, мектептер мен колледждерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Барлық білім беру ұйымдарында камералар орнатылды, білім беру объектілерін қорғауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, турникеттер, дабыл түймелері орнатылып жатыр.
Балалар жылы тұңғыш рет баланың қорқытудан (буллингтен) қорғау құқығы бекітілді, тиісті алдын алу ережелерін әзірлеу бойынша құзырет енгізілді, бұл қудалауға ұшыраған балаларға уақтылы ескертуге және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, биыл Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің бірыңғай қағидалары қабылданды.
Елімізде балалардың әл ауқатының индексі алғаш рет әзірленді. Әр бағытта лайықты өмір сүру жағдайларына, білімге, денсаулық сақтауға, инфрақұрылымға, зорлық-зомбылықтан қорғауға және әлеуметтенуге қол жеткізуді көрсететін ең маңызды индикаторлар таңдалды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жалғастырылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, балабақшаларға бірыңғай кезектілік бойынша платформа әзірлеу, бұл кезекте қайталануды болдырмауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі балаларды тіркеуді автоматтандыруды көздейтін ПМПК модулі әзірленді. 1 ПМПК ашу нормативтері 60 мыңнан 50 мың балаға азайтылды.
Сонымен қатар, Балалар жылы мектеп автобустарының автобус паркі алғаш рет ауқымды түрде жаңартылды. Ол 515 жаңа автокөлікпен толықтырылды. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы алғаш рет кешенді түрде жетілдірілді. Көркем әдебиет қоры мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтырылды.
БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори конференция ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, Министрліктің балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметіне оң баға берді.
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дирен Қазақстан балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және олардың әл-ауқатын арттыру үшін ілгерінді қадамдар жасап жатқанын атап өтті.