«Үздік мектеп медиаторы» республикалық конкурс туралы

«Үздік мектеп медиаторы» республикалық конкурс туралы

Республика мектептерінде «Мектеп медиациясы қызметі» жобасы іске асырылуда. Жоба шешім қабылдай алатын және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті мойнына алатын жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы, ізгілікті және қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Балалар жылы аясында және Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Үздік мектеп медиаторы» республикалық конкурсын өткізді.
Байқау үш кезеңде өтті: аудандық/қалалық, облыстық және республикалық.  Конкурсқа республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сыныптарының 5 мыңнан астам білім алушылары қатысты. Байқауды кәсіби қазылар алқасы бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының Х.Мұстафин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Раджанұлы Санжар жеңімпаз атанып бағалы сыйлықпен және Комитет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, республикалық конкурстың барлық 98 қатысушысы грамоталармен марапатталды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық қатысушыларға және ата-аналарға аталған іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.