Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова мен «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаева кездесу өткізіп

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова мен «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаева кездесу өткізіп

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова мен «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ажаркүл Қылышбаева кездесу өткізіп,  әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында патронаттық кәсіпқой отбасылар институтын енгізу және заңнамалық түзетулерді әзірлеу бойынша мәселелерді екі жақты ынтымақтастықта шешу жайы қарастырылды. Азаркүл Қлышбаева өз сөзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Қордың маңызды жобаларының бірі – қиын өмірлік жағдайға тап болған жас аналарға көмектесуге бағытталған «Ана үйі» жобасы.
ҚҚ сонымен қоса бала асырап алушыларға да қолдау көрсетеді, атап айтқанда психологиялық көмек береді.

Кездесу нәтижесінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша одан әрі бірлескен іс-шаралар әзірленді.
Сұрақтардың әрқайсысы өзінше күрделі, ерекше назар аударуды және зерттеуді қажет етеді. Сондықтан мұндай кездесулерді өткізу тәжірибесі жетістіктерді қорытындылап, ортақ ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.