21 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова өңірлердегі бала құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесті.

21 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова өңірлердегі  бала құқықтары жөніндегі  уәкілмен кездесті.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қатысып, балалық шақ саласындағы жүйелі проблемаларға тоқталып, бірқатар тиісті ұсыныстар берді.

Қазақстан Республикасындағы Балалар уәкілі институты 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 10 ақпандағы № 192 Жарлығымен бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру мақсатында енгізілді, еліміздің бұл қадамы халықаралық деңгейдегі құқық қорғаушылармен мақұлданды.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай лауазым Қазақстанда бірнеше ай бұрын пайда болды. Олардың міндеті балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар немесе басқа ұйымдар тарапынан заңсыз әрекеттермен шағымдарды қарау, балаларды қорғау жөніндегі заң жобаларын ілгерілету.

Комитет төрағасы уәкілдермен олардың жұмыстарының алғашқы нәтижелерін сондай ақ жергілікті жерлерде кездесетін проблемаларды талқылады.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау институтын күшейту және еліміздің облыстарының бала құқықтары жөніндегі уәкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат уәкілдің қызметімен функцияларын, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды регламенттейді.

Кездесуге қатысушылар үшін бірлескен жұмысты, өзара іс-қимылды және тәжірибе алмасуды талқылау үшін "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығына бару ұйымдастырылды.