
2019 жылғы 13 желтоқсанда Ақмола облысының Щучье қаласында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесінің қызметін атқару» атты республикалық форум өтеді. Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
Бүгінде бүкіл әлем жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын іздестіруде. Республикамызда бұл міндеттің іс жүзіндегі шешуі «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы болып табылады.
Форумда адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда үздік педагогикалық тәжірибемен алмасу платформасы ұсынылады.
«Өзін-өзі тану» педагогтердің форумын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов ашады.
Форум қатысушылары оқушыларға адамгершілік-рухани білім беру ағымдағы жағдайы мен келешегі, оның ішінде:
- мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру;
- жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі отбасылық тәрбиелеу туралы мәселелерді талқылайтын болады. .
Форум жұмысына «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша республикалық кеңес мүшелері, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үйлестіру кеңесінің мүшелері, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білім беру ұйымдарының үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстық білім басқармаларының басшылары, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі базалық және пилоттық білім беру ұйымдарының басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Форум аясында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығының мамандары, облыстардың және республиканың үздік педагогтері дайындаған мастер-кластар өткізіледі.
Форум мына мекен-жай бойынша өтеді: Ақмола облысы, Щучье қаласы, Едомский көшесі 23, Жоғары педагогикалық колледжінің ғимараты, байланыс телефондары: 87712656247, 87014650111.