
2020 жылғы 31 қаңтарда сағат 10.00 де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті республикада балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы басымдылықтарды әзірлеу мәселелерін талқылау мақсатында «Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат: басымдықтары, ағымдағы жағдайы және болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінің секциялық отырысын ұйымдастырды.
Отырыс барысына Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова, балалар ұйымдарының көшбасшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдерінің мамандары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияларының хатшылары, балалар үйлерінің қамқоршылық кеңесінің төрағалары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының жіне БАҚ өкілдері қатысады.
Отырыс шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларды қолдау бойынша қызметтерді дамыту, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, балаларды қорғау үшін институционалдық және заңнамалық негіздерді нығайту мәселелері туралы баяндамалар тыңдалды. Балалардың қолайлы жағдайы деңгейін анықтаудың жаңа механизмі – Балалардың әл-ауқаты индексі ұсынылды.
Отырыс қорытындылары бойынша ұсыныстар жасалды.