«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының баспасөз хабарламасы

«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының баспасөз хабарламасы

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Елбасының идеяларын жүзеге асыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырады.

Жобаның мақсаты толеранттықты тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың бойында рухани-адамгершілікті дамыту, қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айтуы, мейірімділік, достық және барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.

Жоба іс-шараларды аудандық (қалалық), облыстық деңгейлерде өткізуді қарастырады және балаларды барынша көп жұмылдыруға мүмкіндік береді. Жоба балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толеранттық тәрбие бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мереке қарсаңында республиканың барлық мектептерінде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында осы тақырып аясында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарлануда.

Жоба балалардың тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениеті бойынша білімін, білігін және дағдыларын қалыптастыруға, ұлты басқа құрдастарына толерантты қарым-қатынас дағдыларын дарытуға, балаларды ұлттық мәдениетті, түрлі халықтар мен елдердің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде мына республикалық іс-шаралар:
2020 жылғы 23 қаңтар – 28 ақпан аралығында – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілетін байқау www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтта;

2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі;

2020 жылғы 29 ақпан – 1 наурыз аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі өткізіледі.
Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы көркем және сәндік-қолданбалы өнер арқылы олардың тұлғалық ресурстарын көрсетуіне, шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамыту процесінде өздерінің даралықтарын сезініуіне, толеранттық, достық және бір-біріне деген құрмет, Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық байланысты бекіту басты тақырыбы болатын зияткерлік байқаулар мен құрылымдық дискуссияларды насихаттауға ықпал етеді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне – алғыс хаттар беріледі.
Қосымша ақпарат үшін мына телефондарға хабарласуға болады: + 7 (7172) 64 27 32; 64 27 31; e-mail: rumcdo.muz@mail.ru.