Республикалық секциялық тамыз кеңесі

Республикалық секциялық тамыз кеңесі

Бүгін Жамбыл облысының Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің республикалық секциялық тамыз кеңесі өтті.
    Жиынға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарының басшылары, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.
Жамбыл облысының Балаларды қолдау орталығы қиын жағдайда қалған балалармен және отбасылармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Орталық облыс көлемінде отбасыларға, сондай-ақ ата-аналар мен қабылдаушы отбасыларына әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде ауқымды жұмыстар атқаруда.
Орталық полиция органдары, денсаулық сақтау, әділет және әлеуметтік қорғау органдарымен ведомствоаралық тығыз ынтымақтастық орнатқан. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс қиын жағдайдағы балалар мен отбасыларға көмек көрсетудің алгоритмі жасалған.
Жиынға  қатысушылар мен спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қиын жағдайда қалған балалар мен отбасыларға көмек көрсету орталықтары қызметінің жаңа тәсілдерін енгізуді талқылады.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар орталықтың қызметімен танысып, олардың жұмыс барысын және нәтижелерін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.
Кездесу нәтижесінде балалар мен отбасыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарының қызметін жақсартуға, балалардың құқықтарын қорғауда одан әрі сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар қабылданды.