
2022 жылғы 12 тамызда педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы шеңберінде «Білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі» диалог алаңы өтті.
Мақсаты – білім беру ұйымдарының қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесімен алмасу болып табылатын іс-шараға 100-ден астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім министрлігінің өкілдері қатысты.
Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары білім басқармалары басшыларының орынбасарлары үкіметтік емес ұйымдар мен білім басқармаларының бірлескен жұмыс тәжірибесімен таныстырды.
«Аялаған алақан» ҚБ (Хайрушева Р. х.), «Құқық» ҚҚ (Рыль О. В.), «Орда» Астана қ. аутизмі бар балалардың ата-аналарының бірлестігі» ҚБ (Есмаганбетова С. М.), «Перекросток» ҚҚ (Куликов А.) басшылары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің, шығармашылық қызметті дамытудың, мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттерін арттыру, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар мен ата-аналарға көмек көрсету өзекті мәселелерін көтерді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің жұмысы, жетім балаларды отбасына орналастырудың өзекті мәселелері және білім беру ұйымдарындағы «Кәсіптік бағдарлау» жобасы, жастар ортасында менторлық пен тәлімгерліктің рөлі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарындағы мектеп медиациясының қызметі туралы ақпаратпен «QOLDAU» қамқоршылық кеңесі» ҚБ төрағасы Сағындық Фарида, «Ана үйі» ҚҚ атқарушы директоры Қылышбаева Ажаркуль Зулкеновна, Алматы қ. «АЯЛА» жеке қайырымдылық қорының коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Еськова Наталия Николаевна, «Kazbrands» ҚҚ президенті Кайкенова Жаныл-бике Қасымовна, Алматы қ. «Angel24KZ» балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Джумагулова Зарина Халеловна, ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Медиация және құқық «Альтернатива» ҚБ басшысы Каленова Аксана Александровна бөлісті.
Диалог алаңының қорытындысы бойынша білім беру органдарына ұсыныстар берілді.