
Қазақстанда білім беру ұйымдары психологтарының конференциясы өтті. Іс-шара жыл сайынғы тамыз педагогикалық конференциясы аясында онлайн форматта ұйымдастырылды.
700-ден астам қатысушы әріптестерінің баяндамасын тыңдап, шеберлік сабақтарына қатысты, жаңа ғылыми-практикалық білім алды.
Еліміздің жетекші психологтары әріптестеріне бес шеберлік сабағын өткізді. Мамандар оқушыларды оқытудағы эмоционалдық және интеллектуалдық проблемаларды анықтаудың тәжірибелік-бағдарлы әдістерін ұсыну дағдыларын қолдану, білім беру ұйымдарында мамандардың өздеріне көмек беруді ұйымдастыруды және білім беру үрдісіне қатысушыларға консультативтік қолдау көрсету бойынша тәжірибе алмасты.
Іс-шара білім беру ұйымдарының педагогтерін оқыту және білім беру ортасына қолайлы жағдайларды қолдау мақсатында өткізіледі.
Білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және жетілдіру балаларға және олардың отбасыларына жеке көмек көрсету сапасына оң әсер етеді, сәйкесінше балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізеді.