15 - мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 - мамыр - Халықаралық отбасы күні

Құрметті ата-аналар мен балалар! Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сіздерді Халықаралық отбасы күнімен құттықтайды. Отбасы – әрбір адам өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі, қарым-қатынастың негізі, таптырмас тірек және қолдау көзі.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап барлық білім беру ұйымдарымен ата-аналар тарапынан «Отбасы сағаты» республикалық акциясына белсенді қолдау көрсетілді.

Республиканың 5 мыңнан астам отбасылары акцияға қатысып, бақытты отбасылар фото және бейне үндеулер арқылы олардың ортасындағы отбасылық құндылықтардың мәні мен түсініктері туралы айтты. Отбасының әрбір мүшесінің жеке өсуі мен табыстылығы үшін отбасылық әдет-ғұрыптар маңызды екенін көрсетті. Кішкентай балақайлар ата-аналарынан үйренеді, олардың мінез-құлқын сомдайды, барлық отбасылық дәстүрлерді өзіне сіңіреді.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті науқан қатысушыларының барлығына алғысын білдіре отырып, барша қазақстандық отбасыларын шын жүректен Халықаралық отбасы күнімен құттықтайды. Отбасында алынған жақсы тәрбие – барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Отбасы бақыты мен берекесін тілейміз. Біздің балалар бақытты болсын!