
Қымбатты қазақстандықтар!
Дәстүр бойынша жадыраған жаздың алғашқы күні біз – балаларды қорғау халықаралық күнін атап өтеміз! Балалар біздің байлығымыз, еліміздің болашағы. Сондықтан, сіз бен біздің аса жоғары және игілікті миссиямыз – өскелең ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, оның физикалық, зияткерлік және рухани дамуы үшін аса жауапкершілікте болу.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жыл – Балалар жылы болып жарияланды. Бұл мемлекетіміздің сасаты өскелең ұрпақты қорғауға бағытталтынының тағы да бір дәлелі. Біз балаларды тәрбиелеп және көздің қарашығындай қорғап қана қоймай, оларға білім алу үшін бірдей мүмкіншілік жасауымыз керек, құқықтық әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жетілдіруіміз, отбасылық институтты және жас ұрпақтың отбасылық құндылықтарын нығайтуымыз қажет. Осы міндеттер біздің мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Осындай жарқын және мейірімді мереке күні сіздерге және сіздердің балаларыңызға денсаулық, салауаттылық және бақыт тілеіміз! Балаларымыздың балалық шағы қамсыз және бақытты болсын!