
Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдерді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындайды. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер үшін негізгі өлшемшарттар балалық шақ саласындағы, үкіметтік емес ұйымдардағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі немесе қоғамдық қызмет, сондай-ақ өңірдің балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі болып табылады.