
Сонымен қатар Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл облыстары әкімдіктерінің балалар жылын жүзеге асырудың 7 айы бойынша есебі тыңдалды.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Б. Елеусінованың баяндамасына сәйкес өңірде Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін 10905,8 млн. теңге жоспарланған. Бүгінгі күні Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 150 орындық, Ақтөбе қаласында 69 орындық балабақшалар ашылған. Сондай-ақ, 3 920 орынға 14 мектептің құрылысына бюджет қаражаты есебінен 4,4 млрд. тг. қарастырылған. Мектеп автобустарын жаңарту бойынша да шаралар қабылданып, лизинг арқылы 32 автобус сатып алынатындығынатап өтті.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы Балалар жылы аясында бизнес өкілдерінің тарапынан қажетті көмектер көрсетіліп жатқандығын атап өтті. Мысалы, кәсіпкер есебінен 150 млн. теңгеге облыстағы 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) көрсететін арнайы мекемелеріне 5 жеңіл автокөлік, 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне (КППК) демеушілік ретінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысқа қажетті құрылғылар алынған. «Мейірім» жобасы аясында аясында 1334 бала мемлекеттік мекемелер мен ірі кәсіпорындарға бекітіліп, «Отбасы банкі» АҚ-да ашылған шоттарына 48 млн. теңгеден астам қаражат аударылған.
Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының м.а. Адекенова Бакытгуль Науканбаевна өз сөзінде 12 мектепке дейінгі білім ұйымы ашу жоспарланғандығын, оның ішінде бүгінгі күні 9-ы ашылғандығын мәлімдеді. Соымен қоса, жаңа орындарға мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға 300 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Биыл лизингтік қаржыландыру есебінен облыста 1 млрд.600 млн. теңгеден астам сомаға 27 автобус сатып алу жоспарланғандығын және ағымдағы жылы жаңа медициналық техникамен, «SOS» жедел әрекет ету жүйесімен жабдықталған перинаталдық орталық ашылғандығын айтып өтті.
Отырыс соңында Балалар жылын тиімді өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, соның ішінде жазғы мезгілде балалар қауіпсіздігіне назар аударып, бақылауда ұстау, «Мектепке жол» акциясын жоғары деңгейде өткізіп, әлеуметтік осал топтағы отбасылардағы балаларға көмек көрсетілуі қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, өңірлер әкімдіктері жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдер балалық шақ саласындағы, үкіметтік емес ұйымдардағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар немесе қоғамдық қызмет, сондай-ақ өңірдегі балалардың құқықтарын қорғау саласына қосқан үлесі бар тұлғалар болу қажеттігі ескертілді.