
Бүгін ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің атынан елордадағы көпқабатты үйдің терезесінен құлап қала жаздаған кішкентай қыздың өмірін құтқарған батырларға алғыс айту сәті түсті. Баланы құтқарып қалған азаматтар өте қарапайым. Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиев дер кезінде абыржымай, балаға көмек жасай білді. Екеуі де көп балалы әке. Көрсеткен батылдықтары шынайы алғыс пен ризашылықты тудырады.
Өз кезегімізде қос бірдей азаматтың дендеріне саулық, отбасылары мен жақындарына амандық тілейміз!