Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар - кеңес

Жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар - кеңес

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы 22 сәуір «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы базасында жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар - кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, балалар-жасөспірімдер туризмі станциялары мен орталықтарының 150-ге жуық өкілдері және балаларды сауықтыру ұйымдарының басшылары қатысты.

Кеңеске қатысушылар жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігін және судағы қауіпсіздікті, балаларды сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, балаларға арналған сауықтыру лагерлерінің қызметін ұйымдастырудың жаңа тиімді әдістерін қолдану бойынша тақырыптық секциялар, мастер-кластар өткізілді.

Семинар-кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.