Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Право» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Право» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандум аясында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Иманғалиев пен «Право» қоғамдық қорының төрағасы О.Рыль арнайы құжатқа қол қойып, алда ұйымдастырылуы тиіс іс-шараларды талқылады.

Ынтымақтастықтың бағыттары келесідей:

- кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, буллинг, балалардың қадағалаусыз қалуы, суицид және балалар ортасындағы басқа да жағымсыз құбылыстар мәселелері бойынша балаларға, ата-аналарға, орта білім беру ұйымдарының педагогикалық құрамына ақпарат алуға, оқуға, диалог алаңдарына, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы білім, пікір, тәжірибе алмасуға арналған платформаға қатысуға мүмкіндіктер жасау.

- жоба шеңберінде және жобалық қызметтерден тыс іс-шараларға қолдау көрсету, қатысу;

- зорлық-зомбылықтың, балалардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу, гендерлік теңдіктің, отбасы және әке институтын нығайту мәселелерінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу;

- балалардың өмірі үшін жайлы және жағымды ортаны қалыптастыруға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен кедергілерді анықтау, оларды шешу бойынша кешенді шаралар ұсыну;

- балалар өмірінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтік көрсеткіштерін белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.